Елдің «Ең мықтысын» анықтайтын жоба
Ертең біздің арнадан жаңа реалити-шоу көрерменге жол тартады. Бұл елдің «Ең мықты» мамандарын анықтайтын жоба. Онда еліміздің түкпір-түкпірінен келген кеншілер, теміржолшылар, металлургтер сияқты қарапайым жұмысшылар бақ сынайды. Олар от пен суды кешіп, сан алуан сынақтан өтіп, шыдамдылығы мен қуатын дәлелдейді. Бұл додада тек күш емес, мінез бен рух сынға түседі. Жобаны журналист Дина Төлепберген жүргізеді. Көптен күткен «Ең мықты» бағдарламасын ертең, сенбі күні, сағат 18:45-те «Жібек жолы» арнасынан тамашалаңыздар.

