Батыс Қазақстан облысында 65 отбасы баспаналы болды
Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан жалғыз баспанасы жарамсыз деп танылған саяжай тұрғындарын баспанамен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгін 65 отбасыға су жаңа пәтерлердің кілті табыс етілді. Қажетті қаражатты Нұрлан Смағұлов атындағы қайырымдылық қоры бөлді.
Қала іргесіндегі саяжай тұрғындарына бүгінге дейін 1103 пәтер берілді. 10 мыңға жуық отбасы 3 млрд теңге көлемінде бірреттік әлеуметтік көмек алса, 5 мыңдай азаматтың мүліктік шығыны өтелді. Бүгін 65 отбасы қоныс тойын тойлап жатыр. Олардың қуанышына облыс әкімі ортақтасты.

