Елімізде 39 мың тонна өрік жиналады
Алматы облысында «Өрік фестивалі» өтті. Ұйғыр ауданында болған дәстүрлі шараға отандық бағбандар, ғалымдар, омарташылар бас қосты. Өңірдің көркі саналатын өріктің сан түрлі сорттары мен одан жасалған дүниелер көпке ұсынылды. Сонымен қатар, омарталар да өз өнімдерін жәрмеңкеге шығарды. Жергілікті қолөнершілер де бірегей бұйымдарын мен тарихи жәдігерлерін көрмеге қойды.
Елімізде жыл
сайын 39 мың тонна өрік жиналады. Соның
27 мыңы Алматы облысының өнімі. Өрік атаулының көбі осы Ұйғыр ауданында өседі.
Мұнда 542 шаруа қожалығы бүгінге дейін 11 мың тонна өнім жинаған. Ол отандық
нарық пен сыртқа экспортталады.

