ЕО Елдерінде бетперде кию міндетті емес

ЕО Елдерінде бетперде кию міндетті емес

ЕуроОдақ елдері бұдан былай әуежайлар мен ұшақтарда бетперде тағуды талап етпейді. Бұл туралы Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі мен Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы мәлімдеме жасады. Бұған көптеген мемлекетте вакциналау қарқынының артуы мен шектеулердің алынып тастауы себеп болған. Жаңа ережелер 16 мамырдан бастап күшіне енеді. Алайда әуе компаниялары қажет жағдайда бетперде тағуды қайта міндеттеуге құқылы екенін де ескертті. Сондай-ақ әуежайларда әлеуметтік арақашықтықты сақтауға кеңес беріледі.