Ерекше бала – ерекше назарда ма?
Қазақстанда инклюзия ұғымы күн
тәртібінен түспейтін тақырыпқа айналды. Ерекше қажеттілігі бар балаларға қолдау
көрсету жүйесі заң жүзінде де бар. Алайда бұл салада түйткілді мәселелер де жоқ
емес.
Қазақстанда ерекше қажеттіліктері
бар бала саны күн санап артып келеді. Деректерге сүйенсек, елімізде 230 мыңға
жуық инклюзивті білім алуға мұқтаж жан бар. Оның 55 мыңға жуығы – мектеп жасына
дейінгі бала.
Арнайы репортаждың кезекті
шығарылымында ерекше балалардың шынайы өмірі мен қолдаудың нақты жай-күйін
көрсетеміз. Мемлекеттен қандай қолдау бар? Құжаттағы көрсеткіштер мен шынайы
өмірдегі көрініс сәйкес келе ме? Ерекше бала – ерекше назарда ма? Арнайы
репортажда айтамыз!

