Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін

Елуді еңсерген ел ағасы болсын, алпыстан асқан ақ жаулықты апа болсын, ана деген аяулы тұлғаның алдында бәрі де бала болып қала бермек.

Ал баласы бәйгеге шапқанда тақым қысып, тілеуін тілеп отыратын ана үшін баласының жетістігі мен еңбегінің жемісін көру бір бақыт. «Жақсы адамдарым» бағдарламасының жаңа маусымы аналарға арналған мерекелік шығарылыммен басталады.
Ел алдында еңбек етіп, ел дамуына үлес қосып жүрген танымал тұлғалар аналарымен бірге «Жақсы адамдарым» бағдарламасында.