Еуропа елдері мен халықаралық ұйымдардың Қазақстанға қызығушылығы артып келеді

Еуропа елдері мен халықаралық ұйымдардың Қазақстанға қызығушылығы артып келеді

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Бұл халықаралық бақылаушылардың ең ірі миссиясы. Оның сарапшылары Қазақстандағы сайлау жүйесінің реформасына оң баға беріп отыр. Ведомства өкілдерінің айтуынша, жалпы еуропалық серіктестер тарапынан екіжақты ынтымақтастық әлеуетін арттыруға қызығушылық өсіп келеді. Мәселен, биыл маусым айында өтетін Астана халықаралық форумына бірқатар кәрі құрлық елдері ірі трансұлттық компаниялар және академиялық топтар деңгейінде қатысуға мүдделі. Сонымен қатар жақында Ұлыбритания, Чехия, Италия, Австрия мемлекеттері өкілдерінің елімізге жоғары деңгейдегі сапарлары күтілуде.