Еуропада коронавирустың дельтакрон штамы анықталды

Еуропада коронавирустың дельтакрон штамы анықталды

Еуропада коронавирустың дельтакрон нұсқасының пайда болуын ДДСҰ растады. Бұл штамды қаңтардың басында Кипр ғалымдары анықтаған еді. Халықаралық мекеменің төтенше жағдайлар бөлімі техникалық тобының жетекшісі Мария ван Керкхове жаңа гибрид дельта және омикрон қосылысынан пайда болғанын атап өтті. ДДСҰ секвенирлеу кезінде үлгінің ластануынан кеткен қате болуы мүмкін деген болжамды жоққа шығармаған еді. Бірақ бүгінде дельтакрон Францияда, Нидерландыда және Данияда тіркелді.