Қазақстанда міндетті вакцинация мерзімі қайта қаралады

Қазақстанда шағын және орта бизнес қызметкерлеріне коронавирустан вакцинация жасау мерзімі қайта қаралады. Бұл туралы  коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлім болды.

Сондай-ақ 19 шілдеге дейін міндетті вакциналауға жататын қоғамның тіршілік ету салалары анықталады. Қазіргі таңда екпе кампаниясын жеделдету және тиімді жүзеге асыру мақсатында "PFIZER" компаниясымен келісімшарт жасау жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, осы күнге дейін елімізде коронавирусқа қарсы екпенің бірінші компонентін 44 86 677 адам алса, екінші компоненттін 2 490 мыңнан аса адам салғызды.