Еуропалық иммундау апталығы басталды

Еуропалық иммундау апталығы басталды

Елімізде Еуропалық иммундау апталығы өтіп жатыр. Науқанның мақсаты – жұқпалы аурулардың алдын алу және вакцинацияның маңызын халыққа кеңінен түсіндіру. Дәрігерлер екпенің, әсіресе балалар үшін, денсаулықты қорғаудың ең тиімді тәсілі екенін тағы да ескертеді. Ал елордада иммундау қалай жүргізіліп жатыр?

Айжан Бектұрова 2 баланың анасы. Екпені уақытылы салдырудың қаншалықты маңызда екенін жақсы біледі. Өйткені қазір адамды  жұқпалы індеттен қорғаудың ең сенімді амалы осы,- дейді.

Айжан Бекмұратова, 2 баланың анасы:

Мен 2 баланың анасымын. 8 жасар и 8 айлық . Үлкен ұлма барлық вакцинаны алдым. Кішкентай қызыма да алып жатырмын.

Вакцина - адамзатты қынадай қырған талай жұқпалы індетті жер бетінен жойды. Соның бірі – табиғи шешек ауруы. Ал құтырмаға қарсы вакцина мыңдаған, тіпті миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Дәрігерлер бүгінгі профилактикалық егулер де дәл осындай қауіптің алдын алуға бағытталғанын айтады.

Сымбат Жұмаділла, педиатр:

- Астана қаласында 19-25 сәуір аралығында еуропалық иммундау аптылығы өткізіліп жатыр. Бұл жерде әртүрлі іс-шаралар қамтылған. Екпе 3 рет салынады баланың 1 ай, 2 ай, 4 ай өмірінде. Және бір жасында,  екі жасында, и 16 жастан бастап әр он жыл сайын АДСМ деген екпе бар үлкендерде екпе алып отырады.

Елімізде профилактикалық егулер ұлттық күнтізбе бойынша жүргізіледі. Ол елдегі эпидемиологиялық жағдайға сай жасақталған. Соңғы өзгерістерге сәйкес, 2024 жылдың қыркүйегінен бастап адам папиллома вирусына қарсы вакцина да енгізілді. Иммундау апталығының басты үндеуі де осы – өз денсаулығыңа бейжай қарамау. Өзіңді , балаңды , қоғамды да қорғау!