ДДСҰ: пандемия әлі біткен жоқ

ДДСҰ: пандемия әлі біткен жоқ

Әлемнің көптеген елінде коронавирустық шектеулердің жоюлуына және омикрон жағдайларының азаюына қарамастан, пандемия әлі аяқталған жоқ. Бұл туралы ДДСҰ басшысы мәлімдеді. Тедрос Адханом Гебрейесус әлемнің ең кедей елдерінен 1 миллиардқа жуық адам әлі екпе алмағанын жеткізді. Оның айтуынша, ДДСҰ жалған ақпаратқа байланысты препараттарға деген сенімсіздік жағдайларын да тіркейді. Ал Африкада коронавирустан қайтыс болғандар саны артып келеді. Мұнда иммундалудың ең төменгі деңгейі тіркелген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының айтуынша, әлемде тек 57 ел ғана халқының 70%-тен астамын вакциналай алды. Сондай-ақ бірқатар мемлекетте вакциналау мәселесінде саяси шешімнің жеткіліксіздігі мен қаржылық-жедел базаның әлсіздігі байқалады.

Тедрос Гебрейесус, ДДСҰ Төрағасы:

– Пандемия әлі біткен жоқ. 70 елде індеттен зардап шеккендер саны артып барады. Вирус әсіресе вакцианалау жұмыстары баяу жүріп жатқан елдерде ушығып тұр. Ол жақтарда өлім-жітім саны да артып келеді. Бұл індет бізді абдыратып тастады. Себебі оның қаншалықты тез өршіп кететінін дөп басып айту қиын.