Қазақстан қант диабеті мен семіздікті емдеу әдістерін жетілдіреді

Қазақстан қант диабеті мен семіздікті емдеу әдістерін жетілдіреді

Қазақстан қант диабеті мен семіздікті емдеу тәсілдерін жетілдіреді. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мен фармацевтикалық өнімдердің жетекші әлемдік өндірушісі арасында әлеуметтік мәні бар инфекциялық емес ауруларды емдеудегі әріптестік мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Уағдаластыққа сәйкес тараптар екі жақты ынтымақтастықты бірнеше бағытта дамытуды көздеп отыр, атап айтқанда: дәрілік заттардың отандық өндірісін қолдау және дамыту; диабет және семіздік саласында үздіксіз медициналық білім беру жобалары арқылы кадрлық әлеуетті нығайту; ғылыми және зерттеу әлеуетін арттыру. Сондай-ақ, Қазақстанда адам инсулині препараттарын өндіруді одан әрі жолға қою үшін белсенді фармацевтикалық субстанцияны жергілікті нарыққа жеткізу мүмкіндігі де зерделенетін болады.