Медицина мамандары марапат мінберінде

Медицина мамандары марапат мінберінде

Сыр өңірінде соңғы 3 жылда 41 медициналық нысан салынып, ел игілігіне берілген. Шалғай елді мекен тұрғындары дер кезінде диагностикадан өтіп, кешікпей ем-дом алуға мүмкіндігі кеңейді. Өңірде 14 мыңнан астам медицина маманы қызмет етеді. Кәсіби мереке қарсаңында олардың біразы марапат мінберінен көрінді.

Құрмет төрінен көрінгендердің бірі - Дина Қожаниязова. Аралдан келген акушер гинеколог, 50 жылда жүздеген әйелді аман-есен босандырып, құрсақтағы сәбиін құшағына салған адам.