Францияда өткен халықаралық фестивальде қазақстандық мультфильм жеңімпаз атанды
Қазақтың
«Серіктес» анимациялық фильмі Францияда өткен халықаралық
фестивальде жеңімпаз атанды. Картина қысқаметражды
фильмдер номинациясында бірінші орынды жеңіп алды. Мультфильмнің сюжетінде
жоғалған
алқаны іздейтін екі детектив туралы баяндалады. Басты
кейіпкерлердің бірінде иістерді танудың ерекше қабілеті бар. Бұл оған
дәлелдерді тауып, қылмыстарды тергеуге көмектеседі. Мультипликациялық фильмнің авторы мен режиссері Әкежан Даниярдың айтуынша, лента көрермендерді бай, әрі
тартымды оқиға желісімен қызықтырады. Оған детективтер туралы
анимациялық фильм түсіру идеясы университетте оқып жүргенде келген.
Дегенмен авторға бұл ойын кейінірек жүзеге
асыру мүмкін болды. Қысқаметражды
фильмді шығару үшін 6 ай уақыт кеткен.