Голливудты бағындырған қазақ қызы
Голливудты бағындырған қазақ қызы. Nomad Stunts
каскадерлер тобының мүшесі Әлия Ысқақова аса күрделі трюктерді шебер орындайды.
Биіктіктен секіру, әйнек үстімен жүру секілді қауіпті рөлдерден тайсалмайтын
қайсар қыз канадалық кино және телеарна Академиясының жүлдесін алған. Бүгінде
оның көмегіне Америка, Қытай, Еуропаның танымал актерлері жүгінеді. Әлемдік
киноиндустрияны тәнті еткен кәсіби каскадермен біздің түсірілім тобы да
кездесті.

