Ғабит Мүсірепов. «Ананың анасы» әңгімесі
Бағдарламамыздың кезекті авторы – көрнекті жазушы Ғабит Мүсірепов. Қарымды қаламгердің «Ананың анасы» әңгімесі жайлы толғақ сырды хабарымыздың бүгінгі санынан көре аласыздар.
Ғабит Мүсірепов – жазушы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері. 1902 жылы 22 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, «Жаңажол» ауылында дүниеге келген. Ол үш мәрте Ленин орденімен, екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен және көптеген медальдармен марапатталған. 2002 жылы қаламгердің 100 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде тойланды. Бүгінде Алматы қаласында жазушы атындағы театр және көше бар.