Ғалымдар коронавирусты зерттеуді жалғастыруда

Ғалымдар коронавирусты зерттеуді жалғастыруда

Ғалымдар коронавирусты зерттеуді жалғастыруда. Осылайша күз мезгілінде мүмкін болатын түрлі сценарийлерге дайындалып жатыр. Вильнюс университетінің профессорлары алдағы маусымның былтырға қарағанда жеңіл болатынына сенімді. Бұл, олардың пікірінше, қоғам иммундалуының жоғары деңгейімен байланысты болмақ. Себебі кейбір азаматтар вакцина салдырған болса, кейбіреулері ковидпен ауырып шықты. Олардың есептеуінше, вирус маусымдық ауруға айналады және жыл сайын халықтың бір бөлігіне вакцина егуге тура келеді. Бұл – қарттар мен иммунитетті төмендететін аурулары бар адамдарға қатысты айтылған болжам.