Ғалымның хаты

Ғалымның хаты

Кез келген мемлекетте экономиканың негізгі тірегі – ғылым мен инновация. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 31 мамыр күні Ұлттық ғылым академиясында сөйлеген сөзінде: «Бүгінде алпауыт елдердің арасында барлық салада бақталастық өршіп тұр. Біз осы күрделі кезеңде экономиканың жаңа үлгісіне көше бастадық. Әділ, инклюзивті әрі бәсекеге қабілетті экономика құруға кірістік. Ғылым мен инновация оның басты тірегі болуға тиіс», - деген болатын.

Қазақстан ғылымы қалай дамып жатыр? Еліміздің ғылыми әлеуетін дамыту үшін не істеуіміз керек? Жақында ғана ҚР Парламенті Сенаты мақұлдаған заңда не қамтылған? Ғалымдарды әлеуметтік тұрғыда қолдау ісі қалай жүріп жатыр? Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені дайындаған «Ғалымның хаты» деректі фильмінде осы секілді сан түрлі сұрақтың жауабы қамтылып, ғылым мен ғалым мәселесі сөз болады.