Құрылыс мамандары қандай тәуекелдерге баратынын білесіз бе?

Құрылыс мамандары қандай тәуекелдерге баратынын білесіз бе?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ Ұлттық құрылтайда: «Жеңілдетілген жаңа ипотеканың енгізілуі және жалға берілетін тұрғын үйдің көптеп салынуы – жүз мыңдаған отандасымыз адал еңбек етіп жүрген құрылыс қарқынын арттырады», - деген болатын. Тиісінше, несібесін құрылыс саласынан, құрылысқа тікелей қатысы бар өндірістен теріп жүрген кран айдаушы Құралай Шәкенқызы, құрылыс материалын шығаратын зауыттың аға операторы Жігер Омарханов, шыны өңдеу операторы Талғат Құрманғалиев сынды мыңдаған қарапайым жұмыскердің арқасында 2024 жылы 172 мың қазақстандық отбасы баспаналы болмақ.

Сонымен қатар, үй кезегінде тұрған 650 мың адам, 40 мыңнан астам адамды аталмыш кезектен алып тастаудың себебі, су тасқынынан зардап шеккен жеті облыста жүріп жатқан тұрғын үй құрылысының барысы «Еңбек адамы» циклымен ұсынылып отырған «Несібе» деректі фильмінде жан-жақты баяндалады.