Германияда Айман Мұсақожаева концерт берді

Германияда Айман Мұсақожаева концерт берді

Қазақстандық танымал скрипкашы Айман Мұсаходжаева Германия астанасында өнер көрсетті. Концерт Еуропаның ең беделді алаңының бірі -Берлин филармониясының үлкен залында өтті. Еліміздің халық артисі жергілікті симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен әйгілі композитор Арам Хачатуряннның скрипкаға арналған шығармасын орындады. Концерт неміс дирижері Гудни Эмельсонның жетекшілігімен өтті. Алда Айман Мұсақожаева Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттерімен бірге Словения, Франция және Италияда концерт беруді жоспарлап отыр.

Айман Мұсақожаева, ҚР Халық әртісі:

– Осы керемет үлкен залда биыл үшінші рет өнер көрсетіп отырмын. Көрермендер қойылымымызды өте жақсы қарсы алды. Берлин оркестрімен жақсы қарым-қатынас орнатылған. Мен бұл ұжыммен соңғы 10 жылда талай рет бірлесіп концерт қойып, көрермендерімізге көп бағдарлама ұсындық. Бүгін Хачатурянның симфониялық оркестрімен скрипкаға арналаған шығармасын орындадым. Жиналған қауым дән риза болды. Сондықтан бүгінгі бағдарламамыз олардың көңілінен шықты деп ойлаймын.