Германияда коронавирустың таралуы бойынша жаңа абсолютті антирекорд орнатылды

Германияда коронавирустың таралуы бойынша жаңа абсолютті антирекорд орнатылды

Тек соңғы 24 сағаттың ішінде алғаш рет 300 мыңнан астам инфекция жұқтыру дерегі расталды. Бұл – пандемия басталғаннан бергі ең жоғары көрсеткіш. Сарапшылар Еуропа елдеріндегі дертке шалдығудың өрши түсуін ауруға қарсы шаралардың күрт жеңілдеуімен, сондай-ақ омикрон штамының тез таралуымен байланыстырады.

Еске салайық, Германиядағы өзге шекаралас елдермен салыстырғанда соңғы шектеулер өткен демалыс күндері ғана алынып тасталды. Федералды деңгейде вакцина қабылдамағандарға жұмысқа келу үшін коронавирусқа ПТР-тесттен өту қажет емес. Елде бұқаралық іс-шаралар өткізуге рұқсат етілді. Алайда көптеген аймақтар инфекцияның көбеюіне байланысты кейбір шараларды 2 сәуірге дейін қалдыруға шешім қабылдады. Билік азаматтарды екпе алуға шақыруда. Соңғы мәліметтер бойынша немістердің 23% әлі вакцина қабылдамаған.

Антониа, Берлин тұрғыны:

- Менің ойымша, инфекцияны жұқтырғандар санының көп болуы соншалықты күрделі мәселе емес. Өйткені көптеген адам қазірдің өзінде вакцина алған. Сондай-ақ вирус көп жағдайда жеңіл өтеді. Сонымен қатар көбі жазылып шыққандар. Қалыпты өмірге оралуға тырысуымыз керек. Бірақ маска режимін қалдырған дұрыс деп ойлаймын. Бұл қорғаныс және ол күнделікті өмірге кедергі жасамайды.

Каролин, Берлин тұрғыны:

- Менің ойымша, коронавирус шектеулері қоғамдық көліктер мен ауруханаларда сақталуы керек. Ал көшеде оны алып тастаудың уақыты келді. Әрине, елге келген кезде карантинге жатқызуды алып тастаған дұрыс болар еді. Мен үшін 10 күн үйде отырып, ешқайда шықпау өте қиын болды.