Халық қаһарманы Қасым Қайсенов бейнеленген мурал ашылды
Шығыс Қазақстандағы Ұлан ауданында Халық қаһарманы Қасым Қайсенов бейнеленген мурал салынды. Батырдың суреті туған ауылындағы жаңадан ашылған жеңіс аллесына салынған. Отан Қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында батыр ескерткіші салтанатты түрде ашылды. «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты мерекелік шара ұйымдастырылып, отты жылдардағы әндер шылқалды. Батырлардың есімін ұлықтау - өткенге деген құрметіміздің жарқын көрінісі. Әрі жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің маңызды элементі болып табылады. Бұл аллея тек серуендейтін алаң емес, жас ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыратын қасиетті орынға айналуы тиіс. Бұдан бөлек, алледағы 6 бірдей батырдың мүсіні қалыпқа келтіріліп, аумағы абаттандырылған.

