Астанада «Көшпенділер әлемі» этноауылы ашылды
«Қазанат» ипподромының маңындағы 10 гектар алқапта
«Көшпенділер әлемі» этноауылы ашылды. Бұл жерде Елорда тұрғындары мен қонақтары
қазақ халқының ұлттық мұрасымен, мәдениетімен таныса алады.
Этноауыл - киіз үйлерден құралған қарапайым кешен емес.
Керісінше, түбі бір түркі жұртының тарихынан сыр шертетін, Қазақстан халқының
бай мұрасы мен көшпелі қазақтардың мәдениетімен терең таныстыратын көрме.

