Халықтың несиесі көбейіп барады
Қазақстандықтардың несиесі көбейіп барады. Банктердің қарыз соммасы өткен жылмен салыстырғанда 21,3%-ға өсіп, 37,8 трлн теңгеге жетті. Жалпы несиенің 46,1 пайызы бизнеске, ал 53,9 пайызы тұрғындарға тиесілі. Көбі қарызды теңгемен алған. Шет ел валютасымен рәсімдегендер де бар. Күні кеше АҚШ долларының құны өсіп, жұрт базалық мөлшерлеме өзгереді деп күткен еді. Ол өссе, несие алушыларға тиімді болатыны анық. Бірақ бүгін Ұлттық Банк мөлшерлеме 14,25% деңгейінде сақталатынын хабарлады.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:
– Жылдық инфляция шілдеде өскен соң тамыз, қыркүйек айларында байыппен төмендеуін жалғастырды. Айлық инфляция орташа тарихи мәндерден және көктем кезі мен жаз басында байқалған деңгейлерден жоғары қалыптасып отыр. Инфляцияның орнықты бөлігі төмендеп келеді, бірақ оның қарқыны әлі де баяу.

