Америкалық Ник қазақтың салт-дәстүрлерімен танысып, таңдай қақты
Сәлем, менің атым Ник. Мен Қазақстанға осыдан бірнеше жыл бұрын Америкадан келдім. Қазір сіздерге бұл ел туралы көп нәрсе айта аламын.
Қазақстанда тұрған бірнеше жылдың ішінде мен бұл елді, қазақстандықтарды, олардың мәдениетін, салт-дәстүрлерін, тарихын танып-біліп жатырмын. Бір қызығы, бұл елге неғұрлым тереңірек үңілсем, соғұрлым көбірек таң қаламын. Негізі америкалықтар мен қазақстандықтардың арасында біршама ұқсастық барын білемін, бірақ сөйте тұра адам сенгісіз айырмашылықтар да бар. Әр сәт сайын мені алда әлі талай қызықтар мен тосын сыйлар күтіп тұрғанын түсінемін.