Инфекционистер коронавирустың серік аурулары бар екенін айтты
Коронавирусқа шалдыққан науқастың иммунитеті төмендеуіне байланысты өзге де жұқпалы аурулармен ауыру қаупі жоғары болуы мүмкін. Ресейлік инфекционистер COVID-19-дың серік аурулары бар екенін айтады. Айтуларынша, коронавируспен қатар жүретін вирустық, зең аурулары және бактериялық инфекциялар жағдайды нашарлатып, үлкен қауіп тудырады. Мамандарың айтуынша, коронавирус сау адамдардың өзінде астарлас аурулардың өршуін қоздыруы мүмкін.