Қазақстанда бір тәулікте мыңнан аса адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күннен-күнге артып барады. Өткен тәулікте 1 мың 134 адамнан қауіпті вирус анықталған. Ең жоғары көрсеткіш елордада тіркелді. Мұнда 198 адам індет жұқтырған. Павлодар облысында 151, Ақмола облысында 108, ал, Алматы облысында 92 дерек тіркелген. Алматы қаласында вирус жұқтырғандар саны 112-ге жетті. Осылайша, еліміз бойынша вирус жұқтырғандардың жалпы көрсеткіші 171 мыңнан асты.
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 171 232. Оның ішінде:
Алматы қаласында - 20635(+112),
Нұр-Сұлтан қаласында -20342(+198),
Шығыс Қазақстан облысында - 19638 (+43),
Атырау облысында - 15104(+74),
Қарағанды облысында - 12920(+72),
Павлодар облысында - 10874(+151),
Батыс Қазақстан облысында - 10030(+45),
Солтүстік Қазақстан облысында - 9709(+76),
Қостанай облысында - 8811(+68),
Ақмола облысында - 8558(+108),
Алматы облысында - 8377(+92),
Шымкент қаласында -5743(+10),
Жамбыл облысында - 5317(+21),
Түркістан облысында - 3928(+22),
Маңғыстау облысында - 3905(+17),
Ақтөбе облысында -3841(+18),
Қызылорда облысында -3500(+7).
Айта кетерлігі, қатерлі індеттен жазылған қазақстандықтар саны да көбею үстінде. Соңғы тәулікте 948 адам коронавирустан жазылған. Осы күнге дейін барлығы 155 397 адам COVID-19-дан сауығып шықты.