ЕО маймыл шешегіне қарсы вакцинаны мақұлдады

ЕО маймыл шешегіне қарсы вакцинаны мақұлдады

Даниялық биотехнологиялық компанияның маймыл шешегіне қарсы Имванекс вакцинасы Еуропалық Одақта мақұлданды. Препаратты одаққа мүше барлық елде, сондай-ақ Исландия, Лихтенштейн және Норвегияда қолдануға рұқсат етілген. Бұған дейін вакцина АҚШ пен Канадада ғана қолданылған. Еске салайық, шілденің 23-і ДДСҰ маймыл шешегінің таралуына байланысты төтенше жағдай жариялаған болатын. Бүгінге дейін індет 75 елде тіркелген. Әлем бойынша 16 мыңнан астам адамға ауру жұққан.