Итбалықтарды чиптеу басталады

Қызыл кітапқа енгізілген Каспий итбалықтарына чип салынады. Бұл жануарлардың популяциясын анықтау үшін қажет. Сонымен қатар итбалықтардың қозғалысы, мекендейтін жері, дене температурасы, тіпті көңіл күйі де бақыланбақ. Қазір ел ғалымдары халықаралық тәжірибені зерделеп жатыр. Жалпы, теңіз жануарын таңбалау бастамасы осыдан 3 жыл бұрын көтерілген еді. Енді бір топ оқымысты 2023 жылдың басына қарай Каспийге экспедицияға шығуға бекініп отыр. Ал, чиптер Сауд Арабиясының техникалық зерттеу университетімен бірлесе жасалатын болған.

Алтынай Қайдарова, Каспий итбалығын зерттеу және қалпына келтіру орталығының бас ғылыми қызметкері:

Бұл сенсор графеннен жасалған. Нано материалдардың арасында графенге сұраныс қашанда жоғары. Ол өзі бір атомның қалыңдығындай ғана көміртек. Ең жұқа әрі төзімді нәрсе. Өкінішке қарай, кең қолданыста жоқ. Жасалуы қиын болса да, ең тиімдісі осы.