Ойын бизнесі туралы заң қабылданды

Ойын бизнесі туралы заң қабылданды

Мемлекет басшысы ойын бизнесі мен лотерея қызметіне қатысты Заңға қол қойды. Сондай-ақ, нормаға денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері  бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Атап айтқанда, құмар ойындарға бәс тігуге тыйым салынатын адамдар санатының тізімі кеңейтілді. Енді олардың қатарына борышкерлердің бірыңғай тізімінде тұрған тұлғалар қосылды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу мақсатында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік міндеттерді орындауға уәкілетті және оларға теңестірілген адамдардың құмар ойындарға бәс тігуіне шектеу қойылады. Ол талапты сақтамағаны үшін жұмыстан шығару шарасы да қарастырылған.