Атырауда жол жөндеуге 6 млрд теңге бөлінді

Атырауда жол жөндеуге 6 млрд теңге бөлінді

Атыраудағы жолдарды жөндеуге 5 млрд 900 млн теңге бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Ірі инфрақұрылымдық жоба 8 учаскені қамтымақ. Атап айтсақ, облыстық маңыздағы «Индер-Сағыз», «Сарытоғай-Махамбет» және «Атырау-Индер» бағыттарының ескі төсемі күреліп, жаңасы салынады. Одан бөлек, Құлсары қаласындағы жаяу жүргіншілер жолын қалыпқа келтіру жоспарланған. Сондай-ақ, тасқыннан бүлінген «Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автожолындағы көпір мен су құбыры қайта салынады. Оған 1 млрд 300 млн теңге қарастырылған.