Кәсіпкерлікті қолдау шарасы

Кәсіпкерлікті қолдау шарасы

Отандық кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың арқасында өндірісін кеңейтіп, жаңа жобаларды іске қосуда. Нәтижесінде өнімдер көбейіп, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Осы табысты жобалардың бірі — Алматыдағы «Алмерек» фармацевтикалық компаниясы. Қазір кәсіпорында жылына шамамен 25 млн медициналық құрал-жабдық шығады. Елдегі ауруханалардың басым бөлігін қамтамасыз етіп отыр.

Жуырда кәсіпорын Ұлттық жоба аясында «Даму» қорының субсидиясын пайдаланып, жаңа зауыт салды. Нәтижесінде заманауи құрал-жабдық орнатылып, өндіріс қуаты артты.