«JIBEK JOLY» радиосы тәулік бойы хабар тарата бастады

«JIBEK JOLY» радиосы тәулік бойы хабар тарата бастады

Бүгіннен бастап Jibek Joly радиосы тәулік бойы хабар тарату форматына көшті. Демек, енді тікелей эфир саны артып, аудиториямен байланыс орнату мүмкіндіктері кеңейе түспек. Президент қызметінен хабардар ету, жаһан және ел ішіндегі жаңалықтарды жұртшылыққа жедел жеткізу, танымал музыкалар мен авторлық бағдарламалар дайындау - мұның бәрі тыңдарман қауымға сапалы контент ұсынуға ықпал етпек. Сонымен қатар, бүгін радионың эфирге шыққанына тура 1 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде 101,4 толқыны өз тыңдарманын қалыптастырып үлгерді. Алдағы уақытта да радио жаңа жобалармен, мазмұнды бағдарламалармен толығып, сапалы эфир ұсыну қызметін жалғастыра бермек.