«Junior Eurovision-2021» байқауының Ұлттық іріктеуіне дауыс беру аяқталады

«Junior Eurovision-2021» байқауының Ұлттық іріктеуіне дауыс беру аяқталады

«Junior Eurovision-2021» байқауының үшінші кезеңі 12 қазан күні түнде аяқталады. Бұл кезең jevision.khabar.kz сайтындағы онлайн дауыс беру сатысы. Мұнда қазақстандықтардың әрқайсысы өзіне ұнаған қатысушыға дауыстарын бере алады. Онлайн дауыс беру нәтижесі бойынша Ұлттық іріктеудің финалистері анықталады.

Алда төртінші кезең өз бастауын алмақ. Ол – Ұлттық іріктеудің финалы, бұл кезеңде еліміздің композиторларының қатысушыларға арнап жазған арнайы әнін орындау арқылы, финалистер шебер орындау жағынан жарысқа түседі. Әділ-қазылар алқасының берген бағасы мен SMS дауыс беру нәтижесінде жеңімпаз анықталады. Ең көп ұпай жинаған финалист Парижде өтетін «Junior Eurovision Song Contest»  халықаралық ән байқауында Қазақстанның атынан қатысатын болады.

Айта кетейік, аталмыш байқауға Қазақстанның осымен төртінші мәрте қатысуы. Биыл жобаны өткізуге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетті.