Қ.Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілін қабылдады

Қ.Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының өркениеттер альянсы жөніндегі жоғары өкілін қабылдады

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған БҰҰ Бас хатшысының Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратинос осылай деді. Ол жиын нәтижелері бейбітшілікті, келісімді және дінаралық диалогты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді. Өз кезегінде Мемлекет басшысы мейманға Қазақстанға келгеніне және форумды өткізуге дәйекті түрде қолдау көрсеткеніне алғыс айтты. Сондай-ақ Альянстың бейбітшілік, төзімділік мәдениетін ілгерілетуге мен адамдарды біріктіруге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады.