«Junior Eurovision-2021»: ұлттық іріктеуге өтінім қабылдау аяқталды

«Junior Eurovision-2021»: ұлттық іріктеуге өтінім қабылдау аяқталды

«Junior Eurovision»  ұлттық іріктеуіне өтінімдер қабылдау аяқталды.

Енді 7 қазан күні «Junior Eurovision-2021» халықаралық байқауының Ұлттық іріктеуі, қазылар алқасының отырысы өтеді. Келесі кезеңге өткен қатысушылардың тізімі 8 қазаннан 12 қазан аралығында jevision.khabar.kz сайтына шығады. Көрермендер осы 30 үміткердің арасынан Ұлттық іріктеудің финалына өтетін 10 үміткерді анықтайды.

Айта кетейік, 6 қараша күні Хабар арнасының тікелей эфирінде Ұлттық іріктеуде Қазақстан атынан қатысып, ел намысын қорғайтын финалисті анықтайтын боламыз.

Биыл «Junior Eurovision» байқауының финалы Франция астанасы Парижде дәстүрлі форматта өтеді. Еуропаның ең танымал ән додасына 19 мемлекет өз өнерпаздарын аттандырмақ.