Қ.Тоқаев «Болашақ» стипендиаттарын құттықтады

Қ.Тоқаев «Болашақ» стипендиаттарын құттықтады

Қазақстан Президенті «Болашақ» стипендиаттарын құттықтады. Еске салайық, биыл халықаралық бағдарламаның іске қосылғанына 30 жыл. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл еліміздің әр түкпіріндегі дарынды жастарға  жол ашқан теңдессіз бағдарламаның мерейлі белесі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы бірегей жоба мемлекетімізде озық ойлы әрі білікті кадрлар резервін қалыптастыруға зор септігін тигізгенін де тілге тиек етті. Бүгінде «Болашақ» бағдарламасының мыңдаған түлегі түрлі салада оң өзгерістің жаршысы болып, еліміздің игілігі үшін табысты еңбек етіп жүр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазір Қазақстанды өркендете түсу үшін тың серпіліс қажет. Біздің алдымызда ел экономикасының құрылымын қайта түзу, саяси жүйені одан әрі жаңғырту және шын мәнінде әділетті әрі инклюзивті қоғам қалыптастыру сияқты ауқымды міндеттер тұр. Осы орайда білім беру саласына инвестиция салу және азаматтардың өз әлеуетін толық пайдалануына мүмкіндік жасау өте маңызды.

Сондай-ақ Президент мемлекет адал азаматқа тән қасиеттерді бойына сіңірген дарынды, еңбекқор, талапты жастарды әрдайым қолдайтынын жеткізді. Бұған қоса Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасының түлектері ғана емес, еліміздің барлық жас маманы Қазақстанды жан-жақты жаңғырту жолындағы келелі іске өз үлесін қосатынына сенем білдірді.