Қ. Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Қ. Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Қазақстанда өткен референдум нәтижелері шетелдік инвесторлардың елімізге деген сенімін одан әрі нығайта түседі. Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде осылай деді. Ресми қабылдау барысында бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асырудың перспективалары талқыланды. Оның қатарында инфрақұрылым, транзиттік тасымал, экономиканы көміртегінен арылту және қаржы секторы салалары бар. Сондай-ақ әлемдік экономиканы дамытудың өзекті мәселелері де қаралды.   Одиль Рено-Бассо республика экономикасын дамытудың және елдің қаржы жүйесін нығайтудың перспективалары туралы өз көзқарасын білдірді.