Қ.Тоқаев Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады

Қ.Тоқаев Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады

2023 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 5% астамды құрады. Еліміздің өткен жылғы дамуының қорытындылары және әлеуметтік-экономикалық саладағы реформаларды іске асыру туралы Президентке Премьер-Министр баяндады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 39 жарым млрд долларға дейін артты. Бұл ретте 2023 жылдың 9 айында АҚШ валютасында шамамен 20 млрд қаражат тартылды. Сыртқы сауда айналымы 126 млрд долларға тең келді. Әлихан Смайылов Мемлекет басшысын Инвестициялық жобалардың бірыңғай пулының іске асырылуы туралы хабардар етті. Өткен жылы олардың 298-і іске қосылды. 2024 жылы тағы 326 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 180 жоба тиесілі. Премьер-Министр кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялық ахуалды жақсарту шаралары, энергетика және құрылыс салаларында реформа жүргізу және денсаулық сақтау және туризмді дамыту туралы да мәлімет берді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.