Президент IT-кәсіпкерлерді қабылдады
Бүгін Мемлекет басшысы қазақстандық IT-кәсіпкерлер Ерзат Дулат пен Мұрат Әбдірахмановты қабылдады. Жаңа технология, жасанды интеллектіні экономикаға, мемлекеттік басқару ісіне және әлеуметтік салаға жүйелі түрде енгізу, сондай-ақ IT-кәсіпкерлік пен бірге венчурлік және AI-индустрияны дамыту мәселелері де талқыланды. Президент Higgsfield AI стартапының жетістігін жоғары бағалады. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан - IT саласындағы компаниялар тез арада іске қосылып, қарқынды түрде дамып, әлемдік нарыққа шығатын алаңға айналуы қажет. Бұл – негізгі міндет. Қазір Higgsfield командасының 95 пайызы қазақстандықтардан құралған. Бұл жастардың әлеуетін арттыруға зор мүмкіндік. Кәсіпкерлер AI-индустрияға қажетті кадр даярлау және бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асыру ісінде мемлекетпен серіктес болуға дайын екендіктерін айтты.

