Ресей-Украина: бейбіт келіссөздердің үшінші кезеңі өтеді

Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін гуманитарлық дәліз құру. Украина-Ресей бейбіт келіссөздерінің екінші раундының нәтижесі бойынша делегациялар осындай уағдаластыққа келді. Жуық арада логистика және арнайы байланыс арналарын құру мәселесі пысықталмақ. Қос тарап келіссөздердің үшінші кезеңін жақын арада өткізуге келісті. Кездесу келесі аптада Беларусь мемлекетінде өтеді деп жоспарланып отыр.