Қазақстан парламенті еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру заңын мақұлдады

Қазақстан парламенті еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру заңын мақұлдады

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өзара алыс-берісін арттыру мен инвестициялар ағынын ұлғайту, экономикалық интеграцияны дамыту және сауда байланыстарын кеңейтуге ықпал ету. Бұл міндеттерді Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы шешетін болады. Бүгін ел сенаты оны құруға қатысты Ереванда бір жыл бұрын қол қойылған келісімді мақұлдады. Жоғары палата депутаттарының айтуынша, мұндай ұйымды құру экономикалық бірлестікке қатысушы мемлекеттердің өзара саудасын ынталандырады. Ең бастысы - үшінші елдерге шикізаттық емес экспорттың көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Депутаттар мен сарапшылардың айтуынша оның шарапатын отандық экспорттаушылар да тататын болады.  Өйткені компания экспорттық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тәуекелдерін сақтандыруға бағытталған.

Сүйіндік Алдашев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
-
Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру отандық экспорттық сақтандыру компаниясына Ресейге, Беларуське, Арменияға және Қырғызстанға экспортқа байланысты сақтандыру тәуекелдерінің 20 пайызына дейін жаңа ұйымға беруге мүмкіндік береді. Осының арқасында қазақстандық компаниясы үшін қосымша сақтандыру міндеттемелерін қабылдау және нәтижесінде отандық экспорттаушыларға көбірек қолдау көрсету мүмкіндігі пайда болады.Сонымен қатар, сарапшылардың бағалауы бойынша, Одақ ішіндегі өзара сауданың әлеуетті өсуі 6 миллиард АҚШ долларынан асуы мүмкін. Сондықтан Қазақстан экономикасы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ала алады.

Аслан Қалиғазин, «Kazakhexport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы:
-
Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы құрылған кезде біз өз мойнымызға алған тәуекелдерді осы компанияға қайта сақтандыру үшін бере аламыз. Бұған дейін осы бағытта Еуропалық қайта сақтандыру компанияларымен жұмыс істедік. Мәселен саяси сипаттағы қандайда бір жағдайдың кесірінен қарыз алуші міндетін орындай алмағанын немесе кәсіпорынның өзі банкротқа ұшырағанын көрген кезде біз қазақстандық компанияның шығынын өтеп бере аламыз. Бізде бұл талап-арыз жұмысы біраз уақыттан бері жақсы жолға қойылған. Осы бағытта көптеген іс тындырылыа жатыр. Мәселен Орталық Азия елдерімен осы бағыттағы әріптестік аясы дамып келеді. Осының арқасында өңір мемлекеттерімен біз іс жүзінде 100% өтемақы аламыз.