Қапшағай – демалыс орны ма, әлде елес кезген мекен бе?
Қапшағай көлін нағыз демалыс орны деп айтсақ қателеспейміз. Мұнда балық аулап, су мотоциклімен және қайықпен серуендеп, аквабақта қыдыруға болады. Осының бәрі жыл сайын мыңдаған туристерді тартады. Дегенмен көпшілік қауым бұл жердің басқа да үрей туғызатын тұсы бар екендігін біле бермейді. Әсіресе аяғының орнында тұяғы бар әйелдің елесі жайындағы қорқынышты хикаялар естіген адамның төбе шашын тік тұрғызады. Елімізде дәл осындай көптеген үрейлі оқиғаға толы қала жоқ шығар, сірә. Әрбір үшінші тұрғынның айтуынша, ол көлдің өзінен немесе Қапшағайға бара жатқандағы тас жолдың бойынан қандай да бір жұмбақ құбылыстың куәсі болған. Осы ретте мұндай әңгімелер қаншалықты рас? Біреулерге жан рақатын сыйлайтын демалыс орнының өзгелер үшін елес кезген мекенге айналуының сыры неде? Қапшағай су қоймасы басқа жерде орналасуы мүмкін бе? Қапшағайды динозаврлар мекендеді ме? Бұл аңыз әңгімелердің рас-өтірігін бағдарлама барысында біле аласыздар.