Қара Үбі
OutdoorKZ командасының түсірілім тобы Батыс Алтайдағы сапарын жалғастыруда. Зоология институтының ғылыми қызметкері Санжар Қаңтарбаев аюлар экологиясын зерттеумен айналысып жүр. Қорбаңбайлардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы көбірек мәлімет алу үшін, ол жыртқыш аңның өзінің ғана тіршілігін зерттеумен шектелмейді.
Экспедиция тобы Батыс Тянь-Шаньдағы адам аяғы жете бермейтін жерлердің бірі – Қара Үбі өзенінің жоғарғы сағасына барады. Сол жақтағы бірнеше туристік база мен аңшылық шаруашылықтарына соғады.