Қазақ халқы сәндік бұйымдарды неге күмістен жасаған?
Кейінгі кездері күмістің адам денсаулығына пайдасы жөнінде жиі айтылып жүр. Бұл тектен-тек емес. Күміс адам ағзасына расында да шипа бере алады. Әсіресе қазақ халқы күміс бұйымдарды бағзы замандардан бері қолданып, тұрмыстың барлық дерлік саласында қолданған. Одан ақша, әшекей бұйымдар, ыдыстар жасайды. Нақтысында, күміс – өте ерекше металл. Оның сирек кездесетін бірегей қасиеттері бар.