Қазақ-неміс қатынасы: жаңа меже
Астанаға ресми сапармен Германияның канцлері
Олаф Шольц келді. Еуроодақтың іргелі мүшесі Қазақстанға тікелей инвестиция
құюға мүдделі. Тараптар тауарайналымын арттырып, сауда байланысын нығайтуға
келісті.
Еуропалық Одақ Ресейден іргесін аулақ салған
соң, Орталық Азияға ойысып жатыр. Аталған тараптардың бірі орыспен қату, бірі
тату болса да геосаяси шиеленіс жаңа шешімдер қабылдауға мәжбүр етті.

