Қазақ өнері дәріптелген 3 күн
Талдықорғанда аймақтық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылған ұлттық қолөнер
фестивалі -«Шеберлер шеруі» өз мәресіне жетті. Мереке «Жұмысшы мамандықтар
жылы» аясында Жетісу облысы әкімдігінің қолдауымен өтті. Шара республикалық
«Бақытты отбасы» орталығының қолдауымен ұйымдастырылған. Тақырыпты осы өңірдегі
тілшіміз тартқатсын.
3-күндік өнер мерекесі бағдарламасына көрмелер, дефиле, шеберлік сабақтары
және байқаулар кірді. Фестиваль алаңында ағаштан, былғарыдан, күмістен және
киізден жасалған қолөнер бұйымдары қойылды. Шеберлер киіз, құрақ көрпе мен қыз
жасауды тігудің, сондай-ақ дәстүрлі ши тоқуды жасаудың әдістерін көрсетіп,
көрермендерге ұлттық өнердің шеберлігін паш етті. Фестивальге аймақтың 200-ден
астам шебер, 1000-нан астам қонақ қатысты. Шарада ұлттық қолөнерді тек
тамашалап қана қоймай, тегін шеберлік сабақтарына да қатысу мүмкіндігі болды.
Айнаш Рыскельдинова, ұйымдастырушы:
- Көрмеде қолөнер түрлері өте көп. Мысалы, қой жүнінен, түйе жүнінен
жасалған бұйымдар. Лоскуттық жұмыстар да көп көрсетілді. Сонымен қатар, әдемі
бұйымдар, киім түрлері, ойыншықтар да ұсынылады. Бұндай қолөнерді әрбір қонақ шеберлік
сабақтарына қатысып, үйрене алады».
Фестиваль танымал шеберлер мен өз жолын енді бастап келе жатқандарды
біріктіретін алаңға айналды. Қатысушылардың бірі Аршагүл Тойбаева, қолөнермен
10 жылдан астам айналысып келеді. Оның кимешектері, киім үлгілері мен заманауи
этно-жилеттері тек әсемдігімен ғана емес, жастарды ұлттық дәстүрлерді бағалауға
шабыттандырады.
Аршагүл Тойбаева, қатысушы:
- Бұл тек қана біздің қазақтың тарихы емес, түркі әлемінің тарихы. Қазіргі кезде менің мақсатым сатып, сауда жасау емес, бүгінгі жастарды тәрбиелеу. Таңбалы тастың бейнесін салған тастағы жазуларды насихаттау.
Фестиваль соңында шеберлерге сертификаттар мен тігін машиналары табыс
етілді. Бұл олардың еңбегіне және мәдениетті сақтауға қосқан үлесіне құрмет
белгісі.

