Қазақстан 2022 жылы мұнай саудасынан 1,5 еседен артық пайда көрді

Қазақстан 2022 жылы мұнай саудасынан 1,5 еседен артық пайда көрді

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, өткен жылы еліміз 65 млн тоннадан астам «қара» алтын экспорттаған. Импорттаушы елдер қатарында Еуропа ғана емес, Азия да бар. Мұнайдың басым бөлігі Италия мен Нидерландқа жөнелтілді. Сондай-ақ ірі сатып алушылар тізімінде Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия, Франция, Румыния, Сингапур және Испания бар. Шикізаттың аз бөлігі Үндістан, Грекия, Швейцария және Израильге жіберілген.