Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Еуропаға ЖЭК экспорты бойынша жоба жасайды

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Еуропаға ЖЭК экспорты бойынша жоба жасайды

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Еуропаға «жасыл» энергия экспорты бойынша жоба жасайды. Бұл туралы еліміздің энергетика министрлігі хабарлайды.  Тараптар бірлескен кәсіпорын дайындау туралы келісмге келді. Бұл Орталық Азия елдерінен Әзербайжан аумағы арқылы Еуропаға электр энергиясын экспорттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар энергия алмасу саласындағы жасыл сутегі мен жасыл аммиакты әзірлеу және экспорттау мүмкіндіктері және ілеспе инфрақұрылымдық саласындағы ынтымақтастық жөніндегі техникалық тапсырманы әзірлеу үшін бірлескен жұмыс тобы пайда болады. Бұдан кейін тараптар энергетикалық жобаны жүзеге асырудың негіздемесін дайындау үшін тендер жариялайды.