Қазақстан бидай экспорт бойынша абсолютты рекорд орнатты

Қазақстан бидай экспорт бойынша абсолютты рекорд орнатты

Қазақстанда бидай экспорты рекордтық деңгейге жетті. Бұған статистикалық мәліметтер дәлел. 2022 жылдың қыркүйегінен биылғы жылдың шілдесіне дейін еліміз сыртқы нарыққа 7 миллион тоннадан астам астық саудалаған.  Айта кетейік, бұл – соңғы бірнеше маусымдағы абсолютті рекорд. 2021 және 2022 жылдардың сәйкес кезеңімен салыстыратын болсақ, республика 5 миллион тоннадан астам бидайды сыртқа шығарған. Негізінен экспорттың басым бөлігі Өзбекстанға жіберіледі. Көрші мемлекет отандық астықты ең ірі импорттаушы елдер қатарына кіреді. Өзбекстанға 3 миллион тоннадан астам бидай жөнелтілді. Бұл алдыңғы маусымдармен салыстырғанда айтарлықтай көп. Сонымен қатар 1 млн тоннаға жуық қазақстандық астықты Тәжікстан сатып алған. Ал Ауғанстанға 740 мың тоннадан астам астық экспортталды. Түрікменстан мен Қытай елдеріне бидай сәл аз саудаланған.